среда, 9 марта 2016 г.

Бала сату қылмыс па?

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! 

«Қазақстан шетелге бала сатудан әлемде үшінші орынға шықты». Қазақстан шетелдіктерге бала сатудан әлем бойынша үшінші орынды алады екен. Қазақ балаларын асырап алуға азулы АҚШ азаматтары құмар. Шамамен бір бүлдіршіннің бағасы 25-30 мың доллар көрінеді. Бүгін шенділер шетел асып кетіп жатқан балдырғандардың құқықтық мәртебелерін айқындауға тырысты. ...

Бала сатудан үшінші орынға табан тіреген Қазақстан бүгінде АҚШ-қа 6 мың бүлдіршінді бере салған. Шет ел асып жатқан қаракөздеріміздің де жағдайы шенділерді алаңдатады. Бас прокуратура елімізде бала асырап алу фактісі кеміп, қайта заңсыз жолмен шарананы саудалау ісінің бірнеше есеге көбейгенін ашына айтуда.

«Баланы саудаға салу, әйелді саудаға салу барып тұрған қылмыс, адамның құқығын таптау. Практикада мұндай қылмыстар кездесіп тұрады. Жылына 2011 жылдан бастап есептегенде заңсыз адам сатқан 20-21 қылмыс тіркеледі»,- деді Қазақстан президенті жанындағы адам құқығы бойынша комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев.

Тәуелсіздік алғалы 25 жылдың ішінде қазақтың бөбектері 30 елге сатылған, берілген. Абырой болғанда, көптеген елге мораторий жариялағандықтан Қазақстан бүгінде тек 8 елге баланы асырап алуға бере алады.
«Оның өзінде балдырғандарымыздың болашағын бақылайтын комитеттің жұмысы қазір ақсап тұр»  дейді жауаптылар. Сондықтан халық қалаулылары өз елімізде жетімдерді бауырына басқан отбасыларға жәрдемақы құнын көбейтсек деген пікірде. Дереккөз: Алматы ТВ.

Тамара Ахатаева Не бар бəрін сатып жатырмыз ғой, тегі... Бір күні ауа да сатылады...

Бакыт Досжанова Өкінішті...

Ержан Ержан Адам сатқан  қылмыс емес пе?

Диллара Аубакирова Алла онымызды қалай көрер екен, өкінішті.... Одан да бала күтіп жүрген  отбасыларына берсе ғой. ...

Нуржамал Жуманова Өкінішті, одан да өзіміздін қазақ отбасыларына берсе ғой, баға алатын отбасыларға, мысалы мен алар едім. Бірақ бізге бермейді, оларға ақша керек...

Базаркүл Қалбыр Басқа - басқа адам сату деген сұмдық қылмыс деп ойлаймын. Елімізде қаншама отбасы бала асырап алуға кезекте тұр. Оларға берілмей, шетел асып кеткені еш ақылға сыймайды. Балаларды өзге елге ақшаға асыратындай жағдайымыз соншалықты сорлы ма еді. Қалай десек те бұл біздің елдігімізге сын. Шенеуніктер мен депутаттар бала сату туралы Заңға қолдары дірілдемей қалай қол қойды? Жаугершілік заманда да халқымыз баласын ешкімге сатпаған. Əлі де  «ештен кеш  жақсы» деген, сатуды қойып  өз қандас бауырларымыздың шаңырағын шаттыққа бөлеген дұрыс шығар. Ойланайық, ағайын!

Нургазы Арын Мұнай, темір, көмір сатып  толмаған бюджетті бала сатып толтырған екен ғой...

Жумат Даулет Аянышты,  әрине,  шетел асырып  жетімін  жылатпаған, аялаған қазақ елінің ұрпағы емеспіз бе? Қазақ жанұяларына беріп жетімдерді азайтсақ, мен де асырап алар едім.

Ғани Жұмаділда Қазақ саны қайдан көбейсін...

Улан Калиев Жетімін жылатпаған елдің ұрпағы едік, өмір не боп кетті өзі... азған заман-ай!

Айнаш Мулан Осылай мақтанып отырайық, әлемде 3 ші орындамыз деп. Сұмдық мынау...

Ғалым Бақыткерейұлы Алдыңғы қатардан көрінгенді жақсы көретін мақтаншақ қазақпыз ғой. Адам сату қылмыс дейміз де, сөйте тұра өзіміз бала сатамыз. Бала адам емес пе сонда? Адам сату қылмыс десек, онда ол балаларды тегін тарату керек. Мемлекеттік деңгейде адам сатып жағдайымызды түземей-ақ қояық. Бірақ, сатпасаң тегін беріп қою тағы обал. Ол кезде шетелге бала берудің еш маңызы қалмайды. Қалай десең де мәселе ақшада болып тұр ғой...

Кенжебек Жақсылықұлы Ел Басына қанша ауыр жағдай келседе, Бала сату ЕҢ АУЫР ҚЫЛМЫС!!!  Аңда, Құста Балапанын қорғайды.  Осындай Байлықпен отырып... Естеріңізде Сақтаңыздар!!! ЖЕТІМІН САТҚАН ЕЛ ЕШҚАШАНДА ОҢБАЙДЫ!!!!  

Ғалым Бақыткерейұлы Өз баласын саудалап жүрген әйелдерді ұстап  оларды қылмыстық бап бойынша соттап жібереміз. Сөйте тұра мемлекеттік деңгейде бала сатуды жолға қойып содан табыс тауып отырмыз. Сонда өз баласын саудалаған әйел мен баланы заңдық тұрғыдан өз қамқорлығына алып сонан соң оны өзгелерге саудалаған мемлекеттің арасында не айырмашылық бар? Туған анасына өз баласын сатуға рұқсат жоқ та, сол баланы өз қамқорлығына алған мемлекетке ол баланы сатуға еш кедергі жоқ. Осы мәселені заңгерлер қалай түсіндіріп береді екен?

Алтынбек Токиев Ол заңға барлық мемлекеттер қол қояды. Біреуің бала асырап алмай бос сөз айтасыңдар. Сөзбен емес іспен істеу керек. Одан да қоғамды дұрыстайық.

13,14 қазан 2015 жыл.                                                       

Комментариев нет:

Отправить комментарий