пятница, 11 ноября 2016 г.

Қыз болып туғаннан асқан бақытсыздық жоқ елдер

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

«Қыз болып туғаннан асқан бақытсыздық жоқ елдер».  Біз орташа статистикалық европалық әйелдердің өз-өзіне сенімді, өзін-өзі қамтамассыз ете алатын тұлға екендігіне үйреніп кеттік. Олар сән бутиктеріне, клубтарға, спортзалдарға, әсемдік салондарына, және ресторандарға барып жүр. Бірақ, осындай жағдайда планетамыздағы әйелдердің тең жартысының тек кемсітіліп қана қоймай зорлық-зомбылыққа, қатігездікке ұшырып жатқанын да ұмытпаған жөн. Планетамызда әйелдердің тіршілігі тозаққа айналған небір сұмдық жерлер бар.

АУҒАНСТАН. Ең әуелі Ауғанстандағы әйелдердің орташа жасының ұзақтығы – 45 жас екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ, олардың түгелге жуығы сауатсыз. Жартысынан көбі, дәлірек айтқанда 85% тиісті медициналық көмексіз босанады. Елде босану кезіндегі әйелдер өлімі ең жоғарғы деңгейде.

ИРАК.  Әйелдер үшін Ирак - нағыз сексистік тозақ. Мұнда содырлар секс-жихад практикасын қолданады. Бұл жас, әрі әдемі қыздарды небір интимдік қызметтер көрсетуге шақыру практикасы. Одан бас тартудың арты қыздар үшін жақсылықпен аяқталмайды, соңғы есептеулер бойынша өткен жылдың аяғына дейін бас тартқаны үшін 150 қыз өлтірілген.

ҮНДІСТАН. Сіз үнді әйелдерінің 70 пайызына  өз отбасында күш жұмсалатынын білесіз бе? Әр жарты сағат сайын Үндістанда бір әйел зорланады. Адам саудасы – мұнда жиі кездесетін жай. Соның ішінде әйелдер өте зор сұранысқа ие. Шамамен алғанда әйелдердің жартысы кәмелетке толмастан тұрмысқа шығады.

МАЛИ. Әйелдік негізге байланысты ғұрыптар аз емес. Бірақ олардың бәрі де әдеттегідей өткен күндер еншісінде қалып өркениетке орын берді. Бірақ, Малиде жағдай басқа. Мұнда әлі күнге дейін әйел сүндеті қолданыста.

КОНГО ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ  РЕСПУБЛИКАСЫ. Республиканың шығыс бөлігінде соғыс жүріп жатыр. Сондықтан әйелдерге де алдыңғы шепте шайқасуға тура келуде. Майдандағы өлімнен басқа тұтқынға түскен жағдайда олар қатігездікке ұшырап, зорланады. Және Конго Демократиялық республикасында әйел  күйеуінің рұқсатынсыз бір де бір құжатқа қол қоя алмайды. 

ГВАТЕМАЛА.  Біз үшін оғаш көрінсе де Гватемалада отбасында зорлау мен қатыгездік көрсету қалыпты жай саналады. Әйелге тіпті көмек сұрап баратын жер де жоқ...

ПАКИСТАН. Бұл елде әйелдердің 90 пайызына отбасында күш көрсетіледі. Ең қапаландыратын нәрсе, олардың құқығын қорғайтын ешқандай заң жоқ. Ал кейбір аймақтарда күйеуі айыпты болып қалған жағдайда оның әйелі қатігездікпен зорлануы мүмкін.

СУДАН. Үкімет әйелдердің құқығын қорғау үшін белгілі бір күш салса да ол әрекет айтарлықтай нәтиже бермеуде. Статистика бойынша соңғы онжылдықта бір миллионнан астам әйел азапталып, ұрланып,  өлтірілген.

СОМАЛИ. Сомалиде азаматтық соғыс жүріп жатыр. Соның салдарынан 10-12 жас аралығындағы жас қыздардың 90 пайызынан  астамы зорланған. Қыздың жас мөлшері мұнан да төмен жағдайлар болған. Әйелдердің тек 7 пайызының  ғана босану кезінде медициналық жәрдем алуға мұмкіндігі бар.

ЧАД. Бұл елде әйелдер құқық атаулыдан мүлде айырылған. Іс жүзінде қыздардың 90 пайызы 10-12 жастан бастап тұрмысқа шығуға мәжбүр.

Сарсенбек Жумабеков Ауғанстан, Ирак, Сирия...  Ислам мемлекетінде паранжа киіп жүрген кыз-келіншектер тозақта өмір сүріп жатқандай... жетпіс-сексен процентін зорлап тастайды екен, немесе талақ деп кете береді. Ондай елден құдай сақтасын.....

Ғалым Бақыткерейұлы Ауғанстан, Ирак, Сирия...  Ислам мемлекетінде паранжа киіп жүрген кыз-келіншектер тозақта өмір сүріп жатқандай  болса Америка мен Батыстың бетімен кеткен әйелдері мен соларға еліктеп жүрген біздің кейбір әйелдер шын мәнінде тозақта өмір сүретін болады.

Эльдана Габерман Мәселе паранжада емес. Бұл жамандық, зұлымдықтарды жасап жүрген еркектер. Паранжаны кисе де құтыратын әйел емес, еркек. Еркек әйелге қол көтереді! Бұл елдерде жамандықтарды жасап жүрген еркектер. Алла мындай еркектерден сақтасын.

Ғалым Бақыткерейұлы Исламда, әдетте, еркек үшін әйелі өте қадірлі жан. Өйткені, ол үйлену үшін неше жылдар бойына қалыңмал үшін еңбек етіп ақша жинайды. Егер білетін болсаңыздар мұсылман елдерінде біздегідей тегін жатқан әйел жоқ. Сондықтан ол алған әйелін аялап ұстайды. Ол үшін осы әйелден басқа әйел атаулы харам, сондықтан ол бөтен әйелдерге алаң болмайды. Алаңдағанда да ол жақтарда біздегідей қойнына кіріп «бой суытып»  шығатын бір түндік қыз-келіншектер табылмайды. Сондықтан олар қолда барын бағалап ұстайды.

Ол әйелдермен салыстырғанда біздің әйелдерге жылы қабақ жетіспей жатады. Өйткені, бізде тегін әйелден аяқ алып жүре алмайсың. Тіпті некеге тұрып, той жасап та шашылудың қажеті жоқ азаматтық некедеміз деп ай сайын бір әйелмен тұруға болады. Сөйте тұра біздегі әйелдер күйеуінің маңдайындағы жалғызы болып қадірі артып жүрген мұсылман әйелдерді сорлы көреді.  Біз, негізі, бірлі-жарым әйелін ұрып-соққандарды мысал етіп жарияға жар салатын батыстық «құқық қорғаушылардың» өтіріктеріне имандай сенеміз.

Зорлану жағына келетін болсақ «жыртық тесікке күледінің» кері болып тұр. Бізде тіпті қыз-келіншектер түгел екі күннің бірінде сәбилер зорланып жатыр. Және олардың жазаланып жатқандары шамалы, олардың үстінен қозғалған іс екі-үш жыл созбаланып жүріп ақыр аяғы су аяғы құрдымға кетеді. Тіпті жазамыздың түріне қарасаң оны жаза деп айтудың өзі ұят. Ас-суын аузына тосып, жайлы төсекке жатқызып өмір бойына тегін бағып-қағамыз.

Соған қарамастан  «біздің жағдайымыз мұсылман елдерінен жақсы ғой» деп өзімізді жұбатпақ боламыз. Басқа мұсылман елдері түгел мұсылмандықтары мықты кешегі кеңестік республикаларда да сәби түгел әйел зорлаған адам біздегідей талтаңдап жер басып жүрмейді. Өз сорлылығымызды жасырып, өзімізді жұбату үшін өзгелерді сорлы етіп көрсетуді қою керек...

Кулпаш Жакипова Өйтіп мұсылман болғанша өле қалсын,  оңбағандар! Әйел затын, немесе, қыз баланы атам қазақ қонақ  деп силап, төрге шығарып, мәпелеген. Құтты орнына қондырған. Құдай осы пейілімізден арылтпасын. Мына елдердегі қыз балаларға обал-ақ. Өзінің  болашағына балта шапқанның жазасын құдай береді.

Ғалым Бақыткерейұлы Күлпаш,  «...қыз баланы атам қазақ қонақ  деп силап, төрге шығарып, мәпелеген. Құтты орнына қондырған...» дейсіз. Бірақ қайда сол бір кездердегі атам қазақ пен олардың қадірлі қыздары? Қазір бізге мұсылман елдеріндегі қыз балаларды аяп «мына елдердегі қыз балаларға обал-ақ»  деп күрсіну тіпті де жараспайды. «Мәпелеп құтты орнына қондырған» үш қыздың бірі көп ұзамай-ақ ажырасып үйіне қайтып келеді.

Ал қыздардың  қаншасы азаматтық некеде тұрмыз деп жыл сайын «күйеу» жаңартып жүр. Ал қаншасы ақша үшін тәнін сатып күніне неше еркек қабылдап «жоспар» орындап жүр. Мектеп бітірген қыздардың 80 пайыздайының пәктігі жоқ деген де деректер бар. Ал олардың қаншасының мектеп қабырғасында екіқабат болып қалып түсік жасатқаны бір Аллаға аян.

Осылайша елімізде қанша қыздар өз болашақтарына балта шауып жүр, сонда біз қандай пейілімізбен мақтанғымыз келеді? Осылай өзіміз аянышты күйге түсе тұра басқа кімдерге аянышпен қарамақ боламыз? «Өйтіп мұсылман болғанша өле қалсын,  оңбағандар» деп өзгелерді сөкпек боламыз. Сонда өзімізді қандай мұсылманбыз? Бүйтіп қыздарды бетімен жіберіп қойып мұсылман болғанымыз қалай?

Erlan Beisenbaev АААААЙ!!!!! Халайық, осындай мақаласымақтарды оқып аламыз да, шатып-бұтып бір тұжырымдарды шығара саламыз! Әсіресе, ең ірі тастар әдеттегідей Ислам жаққа қарай ұшып жатады. Мұндай БАРЫП ТҰРҒАН ӨТІРІК, ЖАЛА ақпараттар ақпараттық кеңістікте сапырылысып жүргелі қай заман. Шынымен қызығып бұл мәселені тереңірек зерттеген адамның бұған көзі жетеді.

Мұндай «журналисттердің» мақсаты бірен-саран уақиғаны алып, оны неше түрлі бір-біріне қатысы жоқ мәселелермен араластырып, оны өздері илеген өтірікке ашытқы қылып, сасыған ботқасын қалың жұртқа асату. Ал мұндай қылмыстардың Ислам түгіл мұсылмандарға да қатысы жоқ екенімен халықтың жұмысы жоқ. Ешқайсысы ол елдерде не болып жатқанын, кімнің не істеп жатқанын білмейді.  Ал нәтижесінде кім жаман? Әрине, Ислам жаман.

Кулпаш Жакипова Ғалым, сіз көпшілікке топырақ шашпаңыз. Атам қазақтың ұрпағымыз, қазір де бұрынғы қазақы тәрбиемен өсіп келе жатқан жастарымыз бар. Оларды ысырып тастап жаман жағынан баға беруге болмайды. Жақсы жағын көріп бағалаңыз.

Ғалым Бақыткерейұлы  Күлпаш, «...бұрынғы қазақы тәрбиемен өсіп келе жатқан жастарымыз бар» екендігіне сенейін, бірақ олар жылдан жылға азайып барады. Негізінен қазақы тәрбиемен ауылда өскен олардың көбісі қоғамымызды жайлап бара жатқан батыстың теріс ықпалына төтеп бере алмауда. Олар өзінің «мәмбеттік» қазақы тәрбиесінен қатты қуыстанып тезірек «креативный» болып көрінуге асығады.

Соның нәтижесінде олар батыстық өмір салтын тез игеріп алып небір көргенсіздіктің «көкесін көрсетіп» жүр. Олай болса қазақы тәрбиемен өсіп келе жатқан жастар бар деп тоқмейілсу артық. Бұлайша «жаман жағынан баға беруге болмайтынын» білемін. Бірақ, факт - бұлтартпайтын нәрсе. Көңілге медет болатын нәрсе, жастар дінге көптеп ден қойып ақ пен қараға Ислам тұрғысынан, яғни, дүние өзгерсе де өзгермейтін мәңгілік құндылықтар тұрғысынан қарап үйренуде.

Бірақ, осы бір жақсы үрдістің бетін қайтару үшін Исламға «жаман жағынан баға беретін» жоғарыдағыдай материалдар да көптеп таратылуда. Осылайша халықты мұсылмандықтан шошытып, оларды мұсылмандарға қарсы қою мақсат етілуде. Сондықтан мұндай жалған нәрселерге сеніп қалмай мұсылмандықты «жақсы жағын көріп бағалаңыз» дегім келеді.

Gulshat Alimbayeva Негізі батыс елдері дейсіз, сол батыс елдерінде де қыздардың әдептілік пен арды сақтайтындары  90 пайыздан көп. Американы жатып кеп жамандайсыңдар, ал ол ел болса мұндай сұмдық елдерге қол ұшын созып жүр. Сондай әйелдері қиналған елдерде паранжадағы әйелдердің сауатын ашатын тегін мектептер ашу сияқты программалары бар. Құдай сақтасын, ол елдердің  еркектерінің сана-сезімдері төмен ғой...

Кулпаш Жакипова Қалайша өздерінің анадан туылғанын, әйел дегеннің бүкіл елдің анасы екеніне саналары жетпейді?

Ғалым Бақыткерейұлы Гүлшат, егер сол батыс елдерінде де қыздардың әдептілік пен арды сақтайтындары  90 пайыздан көп  болса, онда  ол елдерде ЛБГТ, яғни лесбиянкалар, гейлер, бисексуалдар, трансгендерлер билік құрып, өз азғындықтарын өзге елдерге де таратуға тырыспас еді. «Америка мұндай сұмдық елдерге қол ұшын созып жүр»  дейсіз. Сонда ол елдердің сұмдықтары лесбиянкалар мен гейлердің, бисексуалдар мен трансгендерлердің құқтары заңдастырылып, еркек пен еркек, әйел мен әйел некеге тұрып жатқан Америка мен батыс елдеріндегі сұмдықтардан да сұмдығырақ болғаны ма?

Негізінде, Америка мұсылман елдеріне қол ұшын беріп жатқан жоқ, ол сол елдердегі лесбиянкалар, гейлер, бисексуалдар, трансгендерлерге қол ұшын беріп жатыр. Оның түпкі мақсаты сол елдерге де азғындықтарды тарату. Мүмкін, сіз  Америка мен батыс елдерінің біздің елге де «гей насихатқа рұқсат беріп олардың құқықтарын заңдастырыңдар»  деп кеңес беріп жатқанын өтірік дерсіз? Сол сияқты олар «әйелдері қиналған елдерде паранжадағы әйелдердің сауатын ашатын тегін мектептер» арқылы ол елдердің әйелдерін де өздеріндегі әйелдер тәрізді шешіндіріп «қолжетімді» арсыз әйелдерге айналдырмақ болуда.

Сіз «батыс елдерінде де қыздардың әдептілік пен арды сақтайтындары  90 пайыздан көп» деген фантастикалық деректі қайдан алдыңыз? Егер ол елдерде ондай қыздар 5-10 пайыз болса, соның өзі олар үшін зор жетістік болар еді. Онда да олардың едәуір бөлігін сол елдерде тұрып жатқан мұсылман қыздар құрайтыны анық.

Ғалым Бақыткерейұлы Күлпаш, өзіміздің де анадан туғанымызды, әйел деген бүкіл елдің анасы екенін қоқыстан табылып балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға айтып түсіндіріп көру керек. Мүмкін олардың оны түсінуге саналары жетер...

Кулпаш Жакипова «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді», Ғалым мырза.

Gulshat Alimbayeva Ғалым мырза, лесбиянкалар мен гейлер шығыста жоқ деп кім айтты? Сіз былай, жақын араласып көрмегенсіз-ау деймін... Отырып алып печаттай бересіз. Күлкімді келтірмеңіз, сіз көзіңізбен көргеніңізді айтатын щығарсыз-ау деймін... Мен өз көзіммен көрдім, сондай қайрымдылық ұйымдарында жұмыс істейтін, тығыз араласатын достарым да бар. Ол ұйымдар бір ғана мемлекет емес бірнеше мемлекетің адамдарынан құралған.

Кулпаш Жакипова Гүлшат,  Ғалым мырзаның көзқарасымен өмір сүрудің өте қиын екенін түсініп отырмын. Әркім өзі қандай, сондай көзқараспен өмір сүреді емес пе?

Ғалым Бақыткерейұлы Гүлшат, лесбиянкалар мен гейлер мұсылман елдерінде де бар, әрине, бірақ олар Америка мен Европадағыдай алшаң басып жүрген жоқ. Олар санаулы-ақ, және қолға түсіп қалса олар қатаң жазаланады. Әрине, барлық мұсылман елдерінде бірдей емес, өйткені, олар да кезінде батыс елдерінің колониясы болғандықтан батыс мәдениеті мен саясатының салдарынан  мұсылмандықтары әлсіреп кеткен. Мысалға, біз де мұсылман елі саналамыз, бірақ біз қаншалықты мұсылман болып жүрміз?

Мен лесбиянкалармен, гейлермен жақын араласып көргенім жоқ, олармен жақын араласудан Алла сақтасын. Және мен оңған адам олармен жақын араласады деп ойламаймын. Егер сіз айтатын «қайрымдылық ұйымдарында жұмыс істейтін, тығыз араласатын достарың» шығыс елдеріндегі лесбиянкалармен, гейлермен жақын араласатын болса, онда оған таңғалудың қажеті жоқ. Өйткені, олардың негізгі мақсаттары да сол, сондай азғындармен байланысып, оларға қолдау көрсету.

Ғалым Бақыткерейұлы Күлпаш,  «Бір құмалақ бір қарын майды шірітетіні» рас. Сондықтан да шетелдік кейбір құқық қорғаушылар ұрпағымызды «шіріту» үшін гейлер мен лесбиянкалар тәрізді небір «құмалақтарды» арамызға шашып жатыр. Және бір «құмалақтың» мың «құмалаққа» айналып көбеюлері үшін оларды өз қамқорлықтарына алып, оларға бар жағдайды жасап бермек болуда. Осының бәріне көзді жұма қарап мен ештеңені көрмеймін, ештеңені білмеймін деп меңіреуленіп өмір сүру оңай шығар. Бірақ біз мал емеспіз ғой...

Ертең біреудің мәпелеп өсірген аяулы қызы өзі тәрізді бір қызды жетелеп әкеліп «мынау менің байым» деп таныстырып жатса, ал келін түсіріп немере сүйгізеді деп күтіп жүрген баласы бір жігітпен құшақтасып келіп «мынау менің күйеуім» деп таныстырып жатса сол кезде бәрі кеш болмай ма? Мүмкін, сол кезде де ол «бұл оның өз таңдауы, өз өмірі» деп ақ батасын беріп ат шаптырып той жасап беретін шығар? Өйткені, «әркім өзі қандай, сондай көзқараспен өмір сүреді»

Кулпаш Жакипова  Ғалым мырза, салғыласудан алдынызға жан салмайды екенсіз...

Ғалым Бақыткерейұлы Егер артық кетсем кешірім өтінемін. Қазақ айтады ғой «үш күндігін ойламаған әйелден без, үш жылдығын ойламаған еркектен без» деп. Елдің, ұрпақтың болашағын ойлап ең болмаса уайымдай алмасақ несіне азамат болып жүреміз...

Gulshat Alimbayeva Мәссаған, сөзім жоқ! Тығыз араласпасаңыз оларға қалай жала жабасыз? Ол күнә ғой, жала жабу. Ғалым мырза, олар роддомда босануға мүмкіндігі жоқ, медициналық көмек ала алмайтын жандар үшін медициналық көмек көрсетіп, мүгедек балалар үйін ашып, оларға өз тілінде білім беретін мұғалімдер жалдап, оқытып жатыр.

Операция жолымен емделетіндерге тегін операция жасап, жүруге, өмірге талпынуға көмектесіп жатыр. Ол адамдар болса бес, алты, кейбіреулерінде жеті балалары бар отбасылар. Жүрегінде шын Құдайы бар адамдар ғана ұлтына, бет-жүзіне қарамай жанашырлық білдіре алады. Сонда мен солармен араласып гей немесе лезбиянка болдым ба? Өсек соғуға керемеет...

Жаратқан ие тек қана мұсылмандарды ғана емес барлық ұлтты, жер жүзіндегі жан-жануарларды да жаратты. Ешкім де күнасыз емес,  «ана ұлт мынадай» деп жамандау ұлтымыздың кеудесіне басқа ұлтка деген кек ояту, бүлікшілікке алып келеді.

Жанашырлығыңыз жақсы, әркім қыз-ұлдарын дұрыстап тәрбиелесе болды. Ата-ана, мұғалімдеріміз қызды да, ұлды да үнемі ақыл айтып тарбиелеп отырды.  «Жүзімізді жерге қаратпа, қарғыс алма, жұрт әке-шешесінен тәрбие алмаған деп айтатындай қылық көрсетпе» деп айтып отыратын. Осы сөздерды айтып отырса ғой...

Ғалым Бақыткерейұлы Гүлшат, «Мәссаған, сөзім жоқ! Тығыз араласпасаңыз оларға қалай жала жабасыз? Ол күнә ғой, жала жабу» дейсіз. Белгілі бір топтар мен ұйымдар жайында білу  үшін  олармен тығыз араласу міндетті емес.  Тіпті  тығыз араласқан жағдайда да  кез келген адам олар жайындағы шындықты толық  біле бермейді. Мысалға, ондағы адамдармен тығыз араласып жүрген  сіз де олардың түпкі мақсаттарына ой жүгірте алмаудасыз.  

Егер тығыз араласқан адамдардың көздері шындыққа ашыла берсе онда  бұл дүниеде ақ пен қараны, жақсы мен жаманды, оң мен терісті ажырата алмай адасып жүрген  адамдар болмас еді. Әрбір адам өзінің шындық  деп білген нәрсесін айтады. Осы тұрғыдан алғанда менің пікірім жала емес. Демек, мен үшін ол күнә емес. Бұл жерде сіз  өз пікіріңізді шындық  деп санаудасыз, сондай-ақ, мен де өз пікірімді шындық  деп білемін. Ал төрелікті Аллаға қалдырайық. 

Сіз «...Жүрегінде шын Құдайы бар адамдар ғана ұлтына, бет-жүзіне қарамай жанашырлық білдіре алады» дейсіз. Қайрымдылық жасау үшін міндетті түрде «жүрегіңде шын құдай» болуы міндетті емес. Қазіргі кезеңде  қайырымдылық  та саясаттың,  белгілі бір топтардың мүдделеріне қызмет ететін құралға айналып кетті. Қайрымдылықпен айналысытын қандай ұйымдардың болмасын іс-әрекетінде белгілі бір идеологиялық, діни астар бар.

Қайырымдылық арқылы өз идеологиясын, өз дінін өткізіп, өз ықпалын тарату  - бұл ежелден  келе жатқан тәсіл. Сондықтан қайырымдылықпен айналысатын ұйымдардың кез келгенінің артында белгілі бір үкіметтер  мен топтардың, тіпті жеке адамдардың да мүдделері тұрады. Олар қайрымдылыққа бөлінген қаражаттан міндетті түрде  белгілі бір нәтиже күтеді.  

Мысалға, діни ұйымдар өздері өткізетін  шаралар  арқылы адамдарды өз діндеріне тартуды мақсат етсе, түрлі қоғамдық ұйымдар қайрымдылық шаралары арқылы өз қоғамдарының құндылықтарын  өзге елдерге  сіңіруге  тырысады. «Аштықта жеген құйқаның дәмі тәтті» дегендей қиындық көріп жаны қысылып жүрген кезде біреулерден жәрдем көрген  адам қашанда сол  өзіне жәрдем еткен жандар жөнінде жақсы пікірде болып, оларды жақын тартып, солардың ыңғайларына  бейімделіп,  соларды жақтап отыратын  болады.

Сондықтан ашық түрде жасалып жатқан  қандай болмасын қайрымдылық шаралар міндетті түрде  сол қайрымдылық жасаушылардың «дирмендеріне су құятынын» ескерген жөн. Тіпті ізгі ниетпен ешқандай да қайтарым күтпей жасалған қайрымдылықтың өзі де кем дегенде  қайрымды жан жайында, оның саяси, діни, өмірлік ұстанымдары жайында  жақсы пікір қалыптастыратын болады.

Мысалға шынайы мұсылмандар өздерінің жасаған  қайрымдылықтары  үшін ешқандай қайтарым күтпейтін жандар болып табылады. Өйткені олар өз қайрымдылықтарын Алланың ризалығы үшін жасап, сол жақсылықтарының  адамнан емес Алладан қайтқанын тілейді. Бірақ, солай десек те сол мұсылманнан қайырым көрген жандар оның дініне, оның ұстанатын жолына қызығушылық таныта бастайды.

Мысалға, қайрымдылықты сунниттік Исламды ұстанатын мұсылман жасаған болса қайрымдылық көрген адам христиан дініне, немес будда дініне емес Ислам дініне қызығушылық танытатын болады. Соның ішінде де ол сунниттік Исламға іш тарта бастайды.  Демек, қандай қайрымдылық болмасын айналып келгенде белгілі бір мүддеге қызмет ететін болады.  

Ал Америкалық, немесе батыстық қайрымдылық ұйымдары  өздерінің   іс-шараларының батыс демократиясының  құндылықтарын  насихаттап,   адам құқығын қорғауды  басты назарда ұстайтындарын ешқандай да жасырмайды.  Соның көрінісі ретінде жергілікті жерлерде гендерлік теңдік, азаматтық неке, қауіпсіз секс, отбасын жоспарлау, сексуальдық азшылықтың құқығын қорғау тәрізді түрлі мәселелер күн тәртібіне қойылып, сол мәселелерді шешетін түрлі тетіктер қалыптастырыла  бастайды.

Осындай  батыстық  демократиялық құндылықтар жедел кірігіп,  адам құқығы жоғары деңгейде қорғалып жатқан жерлерде жезөкшелер үйлері мен  гей клубтар ашылып,  гей насихат өрістеп, лесбиянкалардың, гейлердің, бисексуалдар мен трансгендерлердің белсенділіктері артып  гей парадтар жиі өткізіле бастайтын болады.

Егер сіз айтқандай «...роддомда босануға мүмкіндігі жоқ,  медициналық көмек ала алмайтын жандар үшін медициналық көмек көрсетіп, мүгедек балалар үйін ашып, оларға өз тілінде білім беретін мұғалімдер жалдап, оқытып жатқан, операция жолымен емделетіндерге тегін операция жасап, жүруге, өмірге талпынуға көмектескендердің» қайрымдылықтарының нәтижесінде елімізде  жезөкшелер үйлері мен  гей клубтар ашылып,  гей насихат өрістеп, гей парадтар өткізіле бастағанын қалайсыз ба?

«Ешкім де күнасыз емес, «ана ұлт мынадай» деп жамандау ұлтымыздың кеудесіне басқа ұлтқа деген кек ояту, бүлікшілікке алып келеді» дейсіз. Бұл жерде ұлтаралық  мәселе  емес  ЛБГТ мен оларды қолдаушылар жайында сөз болып отыр. Жарайды, біз ЛБГТ-ға деген кекті оятып бүлік шығармайық деп аузымызды буып отыра берейік. Ал олар өз дегендерін істеп ұл-қыздарымызға, ұрпақтарымызға қол салып оларды лесбиянка, гей, бисексуал, трансгендерлерге айналдыра берсін. Сіз осыны қалайсыз ба?

«...солармен араласып гей, немесе лезбиянка болдым ба» дейсіз? Бүгін сіз оларға оң қабақ танытып табалдырығыңыздан аттатсаңыз ертең олар сіздің төріңізді иемденіп ұл-қыздарыңызға қол салатын болады. Сондықтан не болса да жамандыққа болыспай  жақсылықты қолдаңыз. Құранда Алла Тағала былай деп ескертеді: «Кім жақсылықты қолдаса, оған одан несібе бар. Ал және кім жамандыққа болысса, оған да одан бір тиесі бар. Алланың әр нәрсеге күші басым». Құран. Ниса сүресі, 85 аят.

           15-18 қазан, 2015 жыл.                        

Комментариев нет:

Отправить комментарий