четверг, 23 июня 2016 г.

Алла көкте ме, әлде Аршыда ма?

Мейрімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

ОҚО найб имамы Қарақұлов Еркебұлан.  «Кімдерді тыңдауға болмайды?».   http://qamshy.kz/home/show/4119

Нуреке Топжар  Ақидасы бөлек болса не болыпты? Олар Алла аспанда дейді. Бұлар барлық жерде дейді. Терроризм жасауға шақырып жүрген жоқ қой. Мынау Еркебұланның уағызында қарапайым халықты алдап қарсылас оппонентке  черный пиар жасау ғана болып тұр. Ұят екен.

Менің ата-апаларым маған «Аллах ол Аспанда» - деп үйретуші еді. Атам айтушы еді «Нуріктайым Аллах аспанда барлық нәрсені көріп және естіп тұрады» деп. Барлық таныстарым, көршілерім, ағайындарым осы «Аллах аспанда» - деген тура сенімде еді... Және де аулымыздың имамдары: «Имам Ағзам Әбу Ханифаның РахимахулЛах жолын және сол кісінің түсінігімен (ақидасымен) жүруіміз қажет» - деуші еді.

Кейіннен елімізге Исламның адасқан «Матрудия» ағымы (сектасы) кіріп келді. «Аллах аспанда!» - деген қазақ халқымның тура дінін өзгертуде. Әбу Ханифаның (Аллах ол кісіге рақым етсін) көрсеткен ахлю сунна жолын Матрудия жолына өзгертуде. Ол аздай дінімізге шиизм, суфизм ақидасымен уланған кейбір кісілерді елге имам қылып, сол кісілерді пір тұтып тыңдауда.

Ей халқым! Әбу Ханифаның «Аллах аспанда!»  - деген аталарымыздан келе жатқан тура жолын ұстаныңдар!!! Матруди, Ашари, шиизм, және суфизм ақидасынан аулақ болыңыздар! Аллах бәрімізді өзінің пайғамбары Мұхаммед САС көрсеткен тура жолдағы сеніміне салсын! Және ақидамызға қайшы теріс ағымдардан сақтасын. Аминь!   

Мұратжан Тоқтақын  Қырқыс... Кімнің кім екенін түсінбей кеттік қой. Дарынның қасында ел ағалары да бірге жүрмеп пе еді?

Нуреке Топжар Мынау имамдардың іріткісі ғой...

Ерлан Толеубаи Сонда Имамдар кімдер?

Мұратжан Тоқтақын Міне, сұрақ. Жауап күтеміз.

Нуреке Топжар  Имамдар  қазақта болмаған Матуриди ақидасын әкелушілер. Көбісі Мысырда Әл-Азхар университетінде оқып келіп елді бұзып жатыр. Ата-апаларымыздың бәрі Алла аспанда көріп тұр деп тәрбиеледі емес пе бізді. Ал енді мынау сырттан сектант болып келген имамдар аталарымыздан келген тәрбиеге қарсы келіп Алла барлық жерде деп жүр. Неге онда біз аспанға қарап алақан жайып Алладан сұраймыз?  Құранда Алла жеті көк аспанның үстінде, Аршының үстінде деген.

Ғалым Бақыткерейұлы Нуреке Топжар, Матуриди ақидасы Алла тағала әр жерде толып жүр демейді. Алланың ұлықтығы соншалықты  Ол бір кейіпке еніп, бір жерді қоныстанудан пәк. Оның қандай екені ақылға симайды. Өте зор Алла тағала адамның  ақылы жетпес Өзіне тән ұлылықпен бәрін де қамтып тұр. Ол салафилер айтатындай Аршының үстінде көсіліп тұрып отырған жоқ.

Сонда сіз Алла Аршының үстінде кәдімгідей отыр, Оның бет-жүзі, аяғы, қолы бар, қолында алақан, саусақтар бар, және Оның екі қолы да оң қол деген салафиттердің ақидасы ақиқат деп бізді сендіргіңіз келе ме? Сонда қалай, Оның екі оң қолы да бір иықтан, яғни оң иықтан ғана шығып тұр ма? Сонда Оның сол иығында қол жоқ па?

Егер Аллада сол жақ қол болмауы керек болса онда Аллада сол жақ көз де, сол жақ құлақ та, сол жақ мұрын да, сол жақ аяқ та жоқ шығар? Онда Аллада сол жақ дене мүлде болмауы тиіс. Сонда сендер өздерің адасқан ақидаларың бойынша Алланы адам ретінде сипаттағандарың аз болғандай ұлық Алланы не қылып жібердіңдер? Астағфир Аллаһ! Осыншама надан, ақымақ болуға бола ма? Өздерің ақымақ болғандарыңмен қоймай өзгелерді де ақымақ еткілерің келеді.

Нуреке Топжар  Ғалым Бақыткерейұлы, осы айтып отырғандарыңызды  қандай аят,  қандай хадиске сүйеніп айтып отырсыз? Ал мен Пайғамбар салалах уалейка уассаламның бір күң әйелге қойған сұрағына сүйеніп отырмын. «Пайғамбар салалаху уалейка уассалам бір күң әйелге «Алла қайда?»  деп сұрақ қояды. Сонда күң әйел «Алла аспанда» дейді.

Пайғамбар салалаху алехи уассалам күңнің егесіне «мынау әйелді құлдықтан босат, ол иман келтіргендерден» деді».  Сұраққа қараңыз  «қайда»  деп тұр. Ал сіз секілділер өз ойларына жүгініп Құдайға қалай мекен береміз деп шығасыздар.  Осындай аят, хадистен 10 шақтысын әкелемін алдарыңызға.  

Мазхабта да, ақида да Әбу Ханифа жолында болмаймыз ба?  Ал мыну Муфтият «ақидада матруди, фиқта ханафиміз»  дейді. Әбу Ханифаның ақидасы болмаған ба сонда? Немесе оныкі дұрыс емес пе?  Негізі Әбу Ханифаның ақидасы дұрыс, фиқы да дұрыс. Ал Муфтияттікі матруди мен ашари сектасының  ақидасы.

Ғалым Бақыткерейұлы Бір білімсіз күң әйелдің түсінігіне сай Алла аспанда деу надандық, әрі адасушылық. Мұндай түсінік ол әйелге кешірімді болса да білімді мұсылмандарға кешірілмейтін түсінік. Алла аспанда болса ол аспанның нешінші қабатында деген сауал туады. Ал шындығында кейбір хадистер бойынша жеті қабат аспаннан кейін су, судың үстінде Аршы бар. Яғни, Ислам ақидасы бойынша аспан бөлек, Аршы бөлек. Алланы аспанда деген адам шын мәнінде Алланы сол судан да, Аршыдан да төмен қояды. Сондықтан Алла көкте,  яғни, аспанда деген адам тәубе етуі тиіс! Біресе  Алла көкте дейсіңдер, біресе Алла Аршыда дейсіңдер сонда Алла нақты қай жерде?

Нуреке Топжар Сол білімсіз әйелдікін дұрыс деп тұрған Пайғамбар салалаху алайхи уассалам емес  пе? Білімсіз деп не айтып отырсыз? Құл болған Біләл радиалаху уассалам да білімсіз сахаба болған.

Ғалым Бақыткерейұлы Пайғамбар (Алланың рахметі мен сәлемі болсын) ол білімсіз әйелге кешіріммен қарап оның түсінігін қабылдап тұр. Бірақ, ол сіз сияқты білімді салафиттерге сол әйел сияқты кешіріммен қарай қоймас деп ойлаймын.

Нуреке Топжар  Әжелерімізде білімсіз болса да харам мен адалды ажыратқан.  Ішіне кіріп шықтыз ба пайғамбардың? Ол бізге не көрсетті, не айтты, сол дәлел.

Ғалым Бақыткерейұлы Имам Матуриди Әбу Ханифаның ақидасын негізге ала отырып оны одан әрі жүйелеп жетілдірген.

Нуреке Топжар Ой, өтірігіңді қоя салшы. Неге онда бір-бірінің ақидасына қайшы. Матрудидікі қате. Әбу Ханифанікі дұрыс.

Ғалым Бақыткерейұлы Салафиттерде Матуридиге жететін ғұлама жоқ. Сондықтан олардың Матуридиге жапсырған айыптары қабылдауға тұрмайды. Алланы адам ретінде сипаттап Оны біресе көкте, біресе Аршыда деп алжасып жүрген адамдар Матуридидің қолына су құюға да жарамайды.

Нуреке Топжар Сізге айтып тұрмын ғой ондаған дәлел келтіре аламын деп. Менен білімділер жүздеген дәлел келтіре алады. Енді не керек сізге? Мен дәлелмен сөйлеп отырмын.  Сіздің дәлелдеріңіз қайда осы?

Ғалым Бақыткерейұлы Қанша дәлел келтірсеңіз де Алланы адам ретінде бейнелеп оны аспанның ішіне кіргізіп қоятын надандықтарыңызды ақтай алмайсыздар. Бұл жерде тек тәубе етіп надандықтан бас тарту ғана қажет.

Нуреке Топжар  Дін - дәлелдердің, білімнің үстіне құралған. Сол үшін хадис, аят деген дүниелер бар. Сіз сияқты философтардың қиялымен дін құралмайды.

Ерлан Толеубаи Нуреке Топжар, сізше біз барлығымыз адасып, сіз ғана дұрыс жолдасыз ба? Оны қайдан білдіңіз? Не болып кетті? Ержан аға бастаған қосын адасқан болып шықты ма?!!!

Ғалым Бақыткерейұлы  Сіз мықты болсаңыз Алланың екі оң қолының екеуі де оң иықта ма, әлде бір оң қолы сол иықта ма деген сауалға жауап табыңыз!

Нуреке Топжар Әркім өз ойымен дін жасап, өз қиялымен Құдайын елестетсе Индияның пұтқа табынушыларынан не айырмашылықтарыңыз қалды. Оларда өз қиялдарына сүйеніп құдайын елестетеді.

Ғалым Бақыткерейұлы Алланы адам ретінде бейнелейтін салафиттердің түсінігінің Индияның пұтқа табынушылары мен христиандардың түсінігінен не айырмашылығы бар? Соны дәлелдеңіз!

Нуреке Топжар Сахабалар қалай дінді түсінді, менде дәл солай қабылдаймын болды. Біреулер сияқты ойыммен  жаңадан бірдеме ойлап таппаймын.

Ғалым Бақыткерейұлы Сонда сіз сахабалар Алланың екі оң қолы болған деген ақымақтыққа сенді деп ойлайсыз ба? Шын айтатын болсаңыз дәлеліңізді келтіріңіз!

Нуреке Топжар Егер шыншыл болсаңдар дәлелдерің әкеліңдер. Жәй сөз далбаса.  Егер пайғамбар саллалау уалейка уасалам айтса сенеміз. Сахабалар да сенген.

Ғалым Бақыткерейұлы Сіз еш дәлелсіз өз надандығыңызды сахабаларға жапсырып тұрсыз. Жала жабушылар құтылмайды.

Нуреке Топжар Қоя салыңдар. Дәлелмен қашан сөйлеуді үйренесіңдер, сол кезде сөйлесерміз. Спор жасап отырған дүниелерің жайлы бірінші кішкене болса да біліп алыңдар.

Ғалым Бақыткерейұлы Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен рахматы болсын) айтса сенемін дейсіз, бірақ ол сіздер Аллаға таңатын надандықтардан пәк. Сондықтан оны алдыға тартуды қойыңыздар. Күнә үстіне күнә жүктеу жақсы емес.

Қайсар Нақысбек Біреуге миыңды беріп қоймай жан-жақты тыңдап жамандығын ажырата білейік. Біз дұрыс, дұрыс емес деп жатқан сөздер төрт мазхабтан да алынған, ешқандай аспаннан алынбаған. Бір сөз айтсаң көсемдер, ғалымдыр көп. Неге береке, бірлік жоқ?

      23 желтоқсан 2015 жыл.                                                    

Комментариев нет:

Отправить комментарий