Ахметбек Нұрсила ҚАЗАҚТА КЕМЕҢГЕР ЖАСТАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ. Абай атамыз «Орыс тілін оқыңыздар. Ол сіздердің көздеріңізді ашады!» дегеніне келісесіз бе? Осы постқа түрлі жауаптар түсті:
Berdaulet Yensye Абай олай айтпаған шығар бер жағынан айта салған да шығар? Неге тек орысша, неге ағылшынша, неге түрікше үйренуді айтпады?...
Ерлан Касымбек Осы біздер не болса да «Абай атамыз айтқан» деп шығамыз. Абай атамыз «есектің көтін жусаңда ақша тап» дегенді де естігем. Дәл осы сөзді Абай атам айтса, онда ол кісіге риза емеспін. Қандай ұлт болмасын, ана тілінсіз, ұлттық рухсыз, ешқандай жетістікке жете алмайды.
Айжан Албан Абай қазіргі заманда өмір сүрсе «ағылшын тілі мен қытай тілін үйреніңдер» дер еді. Өз басымен ойланатын кемеңгердің не жаманы бар?
Махсат Алпысбес Қай заманда болмасын, адам алдымен өз ұлтының тілін терең оқып білуі тиіс, шамасы келсе содан соң басқа тіл оқысын, өйтпесе өзге ұлттың қызметшісіне айналады!
Даулетхан Шойтанов Абай атамыздың заманында қазіргідей Еуропа елдерімен байланысқа түсуге мүмкіндік болса, міндетті түрде «Ағылшын тілін үйреніңдер, сол кезде сендердің көздерің ашылады» деп айтар еді.
Муса Мухамет Ахметбек Нұрсила, ассалаумағаллейкум! Сіз неге орыс тілін жарнамалап қалдыңыз? Кез келген шет тілді білу өнер. Бірақ басқа ұлттың тіліне тәуелді болып қалу ұлттық рухты жояды, ұлтық болмыстан айырады. Оны дәлелдеудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Орыс тілінде жазылған ғылым мен техника ілімін тарататын дүниелердің көп екені даусыз, дегенмен бүгінгі таңда біз өз ана тілімізді дәріптеуге міндеттіміз. Қалған тіл екінші кезекте болуы тиіс.
Елка Қасым Ұлы Ағылшын тілін үйрену даму кітабының келесі бетін аударып оқумен тең. Орыс тілі қазақ тілін аты-затымен жұтпақ болған тіл екенін әр қазақ біліп жүруі керек. Орыс тіліне тізгін керек.
Ахметбек Нұрсила Муса Мухамет, мен орыс тілін жетік білмесем осы жеткен жетістіктерімнің 1% не де жетпес едім. Бірақ одан мен орыс болып, орыстың сойылын соғып кеткен жоқпын ғой. Осы тілдің арқасында қанша білім алып, қанша өндіріс орындарын дамытып өзіме, ағайын туғаныма, еліме пайдам тиді. Бәріміз журналист, не тарихшы, не ақын болып кетпейміз ғой. Біреулер өндіріспен, ғылыммен де айналысу керек-ау.
Муса Мухамет Ахметбек Нұрсила, дұрыс айтасыз. Бірақ орысша жетік білетіндердің бәрі жетістікке жетіп жатпағанында жоққа шығармассыз. Тіл білу бір басқа да білім алып, кәсіп игеруге деген талпыныс бір басқа нәрсе. Меніңше кәсіппен айналысам деп ниеттенген жан тілді де меңгеріп алады деп ойлаймын. Өйткені ол қажеттілік.
Елка Қасым Ұлы Ахметбек Нұрсила, орыс тілінің арқасында қаншама жетістіктерге жеткен ел қалың екенін білемін, бірақ әлемді орыстың бұрышынан ғана көріп қала беруге болмайды. Тарих бәріне куә. Орыстар қазақтарға жаны ашып, қазақтарға жақсылық ойлағаннан тәуелсіздік беріп қоя бермегенін ұқсаңыз болғаны. Сіз екеуміз орыстың білімін алған соң орыс тілін неге жақтамасқа? Келесі терезе тағы көп әлемнің жарығын көретін...
Гүлнұр Оразбайқызы Орыс тілін білмесең көзің ашылмайды дегені рас екен Абай атаның мен екі-үш тіл білсем де орысша білмегенім үшін көзім ашылмай жүр. Орыс тілін үйрену қазаққа керек, себебі орыспен мәңгі бүйір тірескен көршілігіміз кетпек емес. Абай сол үшін айтқан шығар.
Ғалым Бақыткерейұлы Орыс тіліне бар билікті, бар үстемдікті беріп қойған соң, әрине орыс тілін білмесең көзің ашылмайды. Орыс тілінің дендеп кеткені соншалықты өз елімізде осы бір жат тілсіз күн көру қиын болып қалды. Орыс тіліне сеніп алған соң өз тілімізді дамытуға ден қоймаймыз.
Егер халық жаппай орыс тілін білмегенде барлық қажетті нәрселер қазақ тіліне жедел аударылып тіліміздің өрісі күннен күнге кеңіген болар еді. Өкінішке орай, орыс тілін білген соң орыс тіліне иегімізді артып қойып қазақ тілін жайына қалдырып жатырмыз. Осынымыз дұрыс па?
Абай атамыз жайлы айтар болсақ, егер біз Ресейдің емес Англияның, немесе Германияның отары болғанда Абай атамыз орыс тілін емес ағылшын тілін, немесе неміс тілін үйреніңдер деген болар еді. Оның орыс тілін үйреніңдер деуі орысқа отар болуымызға байланысты айтылған, соған қарап орыс тілі дүниені тіреп тұр деген қортынды шығарудың қажеті жоқ. Орыстардың өздері айтады ғой «святое место пусто не бывает» деп, сол сияқты орыс тілі болмаса басқа тіл болады.
Қазірге жағдайда орыс тілінің ауқымын шектесек өз тіліміз дамыған болар еді. Сондықтан орыс тіліне ессіз табынуымызды тоқтатайық. Ол тілдің асып бара жатқан ештеңесі жоқ, күш алып кеткені болмаса.
Орыспен мәңгілік көршіміз деген уәж де орынсыз. Егер біз көршілеріміздің тілдерін білуге тиісті болсақ онда бізге қазір қытай тілін де үйренуге тура келеді. Қай жағынан алып қарасаң да олар орыстан артық болмаса кем болмай тұр. Мәңгілік көрші екеніне де ешқандай дау жоқ.
Жалпы, орыс тілін шектен тыс дәріптеп «көтерем атқа қамшы да ауыр» дегендей онсыз да өрісі тарылып тұрған тіліміздің еңсесін баса бермейік.
Ғани Арыстан
Құлдық сана басымызды улаған,
Орыстың сөзін сөйлеп тулаған.
Айналайын елім-ай не болды бізге,
Не істейміз саған орыс, орыс деп шулаған.
Орысты ойымыздан шығара алмай жатқанда, неге алып келіп тықпалай беретінін түсінбеймін, түсінбеймін. Орысша білгісі келетіндер неге өздері біліп тыныш отырмайды екен? Ақша табамын деп құлдыққа қарай бармайық, бауырлар.
6,7 сәуір 2015 жыл.
Комментариев нет:
Отправить комментарий