Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын!
Күнәға беріліп жүрген әрбір адам тек қана күна жасаушы ғана емес, сонымен қатар оны елге таратып, насихаттаушы болып та табылады. Небір ел жағасын ұстайтын сұмдықтар әуелі бір адамнан бастау алып, бірте-бірте елге індет болып таралып кетеді. Мұндай індетке бой алдырған әрбір адам «жалғыз мен ғана емес, өзгелер де солай істеп жүр ғой» деп өзін-өзі ақтай отырып бірте-бірте қысылуды қойып еркінси бастайды.
Мұндай жандар әдетте жұрттың бәрінің де осындай азғындық жағдайға жетіп, өзі тәрізді күнаһар болғанын тілеп жаман пиғылда жүреді. Және шамалары келгенінше өзгелерді де жолдан тайдырып, азғындатуға тырысып бағады. Соның нәтижесінде адамдар жаппай бұзылып, халық, тіпті, бір-бірімен жарыса азғындайтын болады.
Бір адамның діннен, адалдықтан тайып күнаға бас қоюы дегеніміз ел арасындағы адамшылықтың бір тірегі құлады деген сөз. Ол тірек құлады дегенше ол адам тозаққа құлады дей бер. Ал, ішінде имандылықтың, адамшылықтың тірегі азайған халық іштей іріп, азып-тозып, өсімі тоқтап, ұлт ретінде құрып бітуге бет бұрады.
Сондықтан да жалпы халықтың азбауына әрбір адам Алла Тағаланың алдында тікелей жауапты. Оған тек өз басы үшін ғана емес, өзіне еліктеп, немесе алданып күнаға бас қойған өзгелер үшін де жауап беруге тура келеді. Сол себепті де бір күнаға берілмес бұрын әрбір адам оның артынан ілесе келер небір сұмдық айыптар мен ауыр азаптардың да болатынын ескеріп, «осы бір уақытша қызығым соншама азапқа тұра ма» деп ойлағаны жөн болады. Өйткені, адамның бұл өміpде жасаған әрбір іс-әpекетінің есебі ақыpет күні сөзсіз сұpалмақ. Бұл туpалы Алла Тағала қасиетті Құpанда ашық түpде баян еткен:
«Қиямет күні әділдік таразысын құрамыз. Ол жерде ешбір жан әділетсіздікке ұшырамайды. Істелген іс бір хардал дәнінің салмағындай болса да, оны таразыға әкеліп тартамыз. Есеп алушы ретінде біз жеткіліктіміз» Құран Кәрім. Әнбия 21:47
Адамның күналы қызықтың артында тек қана ақирет азабы ғана тұрмайды. Әрбір күнәлі қызықтың артында оның бұл дүниелік азабы мен қорлығы да қоса жүреді. Сондықтан да күнадан сақтанған адам шын мәнінде бейнеттен де сақтанған болып табылады. Өйткені, күнаның алдамшы қызығы адамды аз уақыт қана шат қылады да, артынан арылмастай болып төзімді сарқитын бейнетпен басын шырмап қояды. Сол кезде ол адам «Соншалықты не жазып қойып едім» деп зар илеп, көзінен қанды жасын ағызса да бар күнасы толық өтелмей жарық көре алмас.
Шындығында, күнәлардың адамның жүрегі мен тәніне, осы дүниесі мен ақыретіне тигізетін зияны, зоp қасірет пен өзекті өртейтін өкініші тым үлкен. Күнә ақылды бұзады, жүpекті қаpайтып, сол адамды ізгі амалдаpдан алшақтатады, ұятын өлтіреді. Ондай адамның pизық-несібесі кемиді, және күнделікті істеpінде қиындықтаp туындап, қыpсық шала бастайды.
Жасаған күнәләрі адамның ақиқат ілімін тануына кедеpгі жасайды, иманын әлсіpетіп, ғибадаттаpдан, ізгі амалдаpдан тосады. Күнәлар дұға тілектердің қабыл болуына, Алладан келер жеңіс пен жәрдемге тосқауыл болады. Сондай-ақ күнә жасаушы жан Алла Тағаладан алшақтап, Оның назаpынан тыс қалады. Себебі, өзін ұмытқан адамды Алла Тағала да ұмытады.
«Алладан қорқыңдар. Әркім ертең үшін не жібергеніне қарасын. Және Алладан қорқыңдар. Шәксіз Аллаһ не істегендеріңді толық біледі. Және сондай Алланы ұмытқан, Алла оларға өздерін ұмыттырған пенделер тәрізді болмаңдар. Міне солар – пасықтар» Құран Кәрім. Хашр 59:18-19
«Бұл өмірде өзгелер тәрізді жарқырап жүре алмадым, жарытып қызық та көре алмадым» деген ой кейбір жанды налытып, оны үнемі күнаға қарай айдаумен болады. Өзгелердің бәрі де шат-шадыман тірлік кешіп тек бір өзі ғана бар қызықтан құр қалғандай болатын ондай адам кейбір кездерде тіпті қатты торығып, іштей өзін жаңсақ қадамдарға дайындаумен жүреді.
Шын мәнінде, біле-білген адамға оның көрмеген барлық күналы қызықтары оның көрмеген азаптары болып толығымен өтеледі. Ал, егер ол «азғындаушы болмайын, елге азғындық таратушы болмайын» деген ниетпен «көрмедім-ау» дейтін бар қызықтарын Алла Тағалаға құрбандық етіп ұсынса, онда ол сол көрмеген бір сәттік алдамшы қызықтарын мәңгілік бақытына айырбастап алған болар еді.
Кейбір жандар күналы небір азғын істерге қатты құмартып, сондай жаман, лас істерді жан-тәнімен қалайды. Және, сондай тілектерін қанағаттандыруды күндіз де, түнде де аңсап, тіпті қолайлы сәттерді іштей күтумен жүреді. Мұндай күнаны аңсап есі кеткен жандарды Алла Тағала күнаға қарай айдап, жолын ашып, бәрін де алдынан дайындап, рет-ретімен ұсынып отыратын болады. Өйткені, соншалықты қалап, соншалықты тілеген жанның сұрағанын бермесе Алла Тағала тәңір болмас еді. Сондықтан да ондай адам өз қалауын артығымен алатын болады.

Ол өзінің тілегіне орай азғын адамдармен табысып, сондай жандардың ортасына түседі де өз тілектерінің қанағатын қалауынша ала бастайды. Сондықтан да ол белгілі бір уақыт «бақыттан басы айналып», тіпті қызығы мен пайдасын да ұштастырып өз істерінен мол табыс та түсіруге қол жеткізеді.
Бірақ, оның бұл «бақыты» ұзаққа созыла қоймайды. Өйткені, ол шын мәнінде қатаң да қайрымсыз заңдары бар қатыгез ортаға түседі. Ал мұндай орта болса оны үнемі жаман істерге тартып, лас тірліктің ауқымынан шығармай басын шырғалаңға сала бастайды. Мұндай жаман ортадан қол үзіп, сытылып шығу ешкімге де оңайға соқпайды. Өйткені, олар күнкөріс көзіне айналатын харам табыстары мен өміріне «шырай берген» лас қызықтарын қия алмайды. Оның үстіне түрлі зиянды әдеттерінен арылып, түрлі қарыздарынан басын аршып қалыпты өмір аясына қайтып оралу да ондай адамға оңай емес.
Әрине, Алла қаласа ол да мүмкін, өйткені Оның кеңшілігі мол. Бірақ, көбінесе қайда қараса да жағалай арсыздық пен опасыздықтан көзі тұнып, сенерге де сүйенерге де лайық бір жан таба алмай, осыншама берекесіз тірліктен әбден қажитын ондай жан күндердің күнінде өмірден де түңіле бастайды. Өйткені, қоқысты жерлерге үйір болып, сондай жерлерден қызық пен пайда іздейтін адамның өзі де бірте-бірте ешкімге қажетсіз қоқысқа айналып тынады. Және, ақиретте қоқыс ретінде отқа жағылатын болады.
СалНұр журналы 02.12.10.

Комментариев нет:
Отправить комментарий