Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын!
Кейбір жандар өзіне, отбасына, тұрмысына, бастаған шаруасына кесірі тиеді деп ырым еткен кішкене сөз бен болымшы істі де көңіліне алып, қорқумен жүреді.
Кейбір жандар өзіне, отбасына, тұрмысына, бастаған шаруасына кесірі тиеді деп ырым еткен кішкене сөз бен болымшы істі де көңіліне алып, қорқумен жүреді.
Бірақ, сондай адам тірліктегі жолын ашып, істерін оңғаратын Раббысы Аллаға қатысты нәрселерге келгенде аяқ астынан батырлығы ұстап, ауызына келгенін шатып, еліріп кетеді. Және, реті келсе Алла Тағаланың хақ дінін етектен тартып, аяқтан шалып қалуға да тырысады.
Сонысымен де ол өз жолын өзі кесіп, бар шаруасы түгел бүткіл өмірін де өз қолымен тас–талқан етіп тастауы мүмкін екенін ойламайды. Жақсы өмірге қол жеткізу үшін өзгелермен арбасып, қиындық атаулының алдын алып, мейлінше сақ жүруге тырысатын мұндай жанның өзіне осыншама қастық жасап, басына бәле шақыруы аңқаулық па, әлде, ақылсыздық па?
Шын мәнінде, қорқатын адам Алладан ғана қорқуы тиіс. Бірақ, Аллаға иман келтірмеген жандар ажал мен адамнан, аруақ пен жын-шайтаннан қатты үрейлері ұшады. Және бәле-жала мен апаттан, ауру-сырқау мен бейнеттен, жоқшылық пен абыройсыздық атаулыдан да үнемі қорқумен жүреді. Сөйтіп, тірліктің ығымен, әркімнің қыбымен жүргенде күнаға әбден батады да, өмірінен береке кетіп, ішкені ірің, жегені желім бола бастайды. Үйінде де, түзде де, күндіз де, түнде де жаны жай таппай, сол себепті де өте қажитын мұндай жандар бірте-бірте жақсылықтан түңіліп, торығушылыққа бой алдыра бастайды.
Бірақ, сондай кездерде де олар Аллаға бет бұрып, Оған жалбарынып, құлшылық етуді жөн санамайды. Тіпті, олардың кейбіреулері такаппарлана қыңырайып, Аллаға бой ұсынғаннан көрі өлгенді артық санайды. Өйткені, олар үшін бұл дүниенің азабы мен қорлығынан құтылудың ең оңай жолы өлім сияқты болып көрінеді. Содан бір күні олар жандарын қиып о дүниеге кетіп те тынады. Бірақ, ең сұмдығы сол, жандары о дүниеге өткен кезде құтылам деп ойлаған азабтары мен қорлықтары Аллаға бойұсынбаған қыңырлығы себепті еселене көбейіп қайта алдынан шыққан кезде ол байғұстар еш шарасыз сорлап қалатын болады.
Бұл дүниеде жер басып жүргенде тәубеге келіп, Аллаға құлшылық ету арқылы қандай үлкен күналарды болса да өтеп, қандай қиын жағдайды да түзеп алуға мол мүмкіндік бар. Ал, о дүние мен ақирет күнінде адам үшін ондай мүмкіндік мүлде болмайды. Ол кезде олар дәрменсіз күйде жанұшырып өз азаптарымен бетпе–бет жалғыз қалатын болады. Сол кезде олар қалай безектеп, қанша рет тәубе етіп, қалай жалбарынып жыласа да бұл дүниеде уыстан шығарып алған жалғыз мүмкіндік енді қайтып олардың уыстарына түспейді.
Өкінішке орай, кейбір жандарға Аллаға құлшылық ету қиын да, Оған қарсылық көрсетуден оңай нәрсе жоқ. Өздері ұнататын күналы қызықтарына есі кете берілетін мұндай жандар сол үшін сазайларын тарта бастаған кездерінде Аллаға наразылық білдіріп, қарсылыққа бой ұрады. Сол үшін тағы да жазаға тартылған кезде олар одан әрі Аллаға өшігіп, өршелене қарсыласумен болады. Сол арқылы олар өз бастарын арылмас азапқа байлап бастапқыда қиынсынған құлшылық амалдарынан неше есе көп қиындықтарды мойындарына артып алады. Бұл олардың күналы қызықтарынан бас тарта алмаған әлсіздіктері мен бас тартқылары келмеген қыңырлықтарынан тапқан пайдалары болып табылады.
Шындығына келгенде, Алла Тағаламен қыңырлық таластырып, бетінен қайтпай өршелене беретін адам өз басына азап пен қорлықты үстей беретін нағыз ақылсыз адам. Мұндай жандар «Енді маған не істейсің, істе істейтініңді!» деп Аллаға да шаптығып, өршелене тіл тигізеді. Бірақ, шындығына келгенде, «Маған бәрібір» деп ешнәрсенің алдында тоқталмаған адам тән азабы алдында маған бәрібір деп ешқашанда айта алмайды.
Егер жанын қысқан азапқа шыдай алмай, «Құдай-ай жанымды ала көр!» деп жалбарынып, шыңғырған, қу жаны құрғыр шықпай құртып, өкіріп-бақырып айлап жатқан жандардың да болғанын еске алғанда «Маған бәрібір!» деп айту өз басыңды қандай сұмдыққа байлау екені анық. Ешқандай дәрі-дәрмек баса алмаған тән азабына төзе алмай өзін өлтіруді өтініп, өлім тілеген жандар сол азаптың тәнмен бірге қалып қоймай, жанына жабысып о дүниеге де бірге кетерін түсінсе, осынау кең дүниеден шыбын жанына пана таппай зар еңіреп Алла Тағалаға жалбарынудан басқа еш амалы қалмаған болар еді.
Адам үшін күнаға берілу қызық, Аллаға қарсы шығу оңай, бірақ оған Алла Тағаланың азабына төзу қиын болар. Бұл дүниеде ол азапқа шыдар ешбір жан да, ол азапты тияр ешқандай амал да жоқ. Өркөкіректерді жер жорғалатып, ақымақтардың есін жиғызар, қыңырлардың сағын сындырып, қызыққұмарларды қызығынан тиғызар, адасқандарды тәубеге келтіріп, діндарларды құлшына құлшылық қылғызар бір нәрсе бар. Ол-азап. Тастай қатты, болаттай берік төзімді саз балшықтай илеп, жібектей есетін Алланың азабының күшін мойындағандар мойындар, мойындамағандар әлі мойындай жатар. Олай болса, Алла Тағаланың Қасиетті Құран аяттары мен хадистер арқылы ескерткен қатаң ескертулерінің артында қандай сұмдық күтіп тұрғанын түсіну үшін көп ақылдың қажеті жоқ.
Бұл дүниеде тән азабын тартқан кездерінде адамға ақирет азабын да ойлаған жөн. Тән азабын басу үшін дәрі-дәрмек қолданбас бұрын мәңгі басылмас ақирет азабынан қорыққаны жөн. Бұл дүниелік азап төзіміңді тауысса о дүниеге қашып құтылуға болар. Ал, ақирет азабы жаныңды қысқанда қайдан ғана пана табарсың. Олай болса, бұл дүниелік азапты ескерту деп біліп, болашақ азаптың алдын алуға тырысқан жөн. Азаптан қазір құтылғаныңа мәз болып мәңгілік азап алдында қапыда қалмаған жөн. Шын мәнінде, Алла Тағала жаратқан осынау шексіз ғаламнан Алладан қашып құтылар кішкентай ғана қуыс тапқан адам нағыз бақытты адам болар еді.
Кейбіреулер ақымақтықпен «Мен болса да тозаққа баратын адаммын!»-деп өзінің жаман істерін жалғастыра бергісі келеді. Бірақ, сондай адам тән азабын шегіп қиналған кездерінде «Мен болса да азап шегіп жатырмын, сондықтан да азабым еселене берсін»-деп айта алмайтыны анық. Керісінше, ол «кішкене болса да азабым жеңілдесе екен» деп қу жанына дауа іздеп шарқ ұрумен болады.
Жалпы, Алла Тағаланың азабынан дүние қызықтары есін алған ұмытшақтар ғана қорықпайды. Азап шегіп қиналған кездерінде шыбын жаны шырқырап не болса содан шипа іздеп, кім болса соған жалбарынған ондай жандар азабы айыққан сәтте-ақ бәрін ұмытып, енді қайтып азап көрместей болып тайраңдап шыға келеді. Шын мәнінде, айығатын азап болса айықпайтын азаптың да болғаны. Мұны тек есі кеткендер ғана ескергісі келмейді. Олай болса Алладан есі кеткендер ғана қорықпайды.
Maсa.кз. 17.03.2011

Комментариев нет:
Отправить комментарий